Басты бетЖаңалықтарДәрігерлер жұмысын...

Дәрігерлер жұмысын тексермек болған азаматқа айыппұл салынды

Министрдің мәліметінше, карантин тәртібін бұзғандардың 56-сы қамауға алынды. Сонымен бірге тәртіп сақшылары жоғары бағамен заңсыз сатылып жатқан 40 мың дана бетперде мен 2 мың литрден астам антисептикті тапқан. Қазір тауар әкімдіктерге берілді.

Тәртіп бұзғандардың арасынан бір азаматтың әрекетін атап өткім келеді. Ол Damumed порталында өзінде коронавирус белгісі бар деп көрсеткен, бірақ жедел жәрдем дәрігерлері одан ешбір аурудың белгісін таппаған. Кейін ол азамат жүйенің, дәрігерлердің жұмысын тексергісі келгенін айтты. Оның еш жері ауырмаған, шетелде болмаған, ауырған адамдармен байланыс жасамаған, — деді Дәурен Абаев.

Бұл адамға айыппұл салынған. Министр азаматтарды мұндай жалған мәліметпен дәрігерлердің жұмысына кедергі келтірмеуге, керісінше, оларға қолдау көрсетуге үндеді.

Дәрігерлер онсыз да ұйықтамай, үйге қайтпай, бар жанын салып жұмыс істеп жүр. Олардың әр минуты бағалы, әр секунды санаулы, соны түсінейік, — деді министр.