Науқастардың бірі — 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы ауруханада карантинде жатқан. Ол коронавирус жұқтырғандардың біріммен қатынаста болған. Вирус жұқтырғаны анықталғаннан кейін әйел Қарасай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.
Екінші жағдай — Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу — Алматы рейсімен ұшып келген.
Ал үшіншісі — Қарасай ауданының 1995 жылы туған тұрғыны. Ол жүктіліктің 21-22-аптасында.
Сырқаттардың бәрі Қарасай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр, — деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс əкімі Амандық Баталов індет анықталған аудандарда дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, республика бойынша қазіргі ахуал мынадай:
Нұр-Сұлтан — 107 адам;
Алматы — 57 адам;
Ақмола облысы — 5 адам;
Қарағанды — 4 адам;
Атырау облысы — 4 адам;
Жамбыл облысы — 3 адам;
Шымкент — 2 адам;
Шығыс Қазақстан облысы — 2 адам;
Алматы облысы — 4 адам;
Ақтөбе облысы — 1 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы — 1 адам;
Павлодар облысы — 1 адам;
Маңғыстау облысы — 1 адам;
Қызылорда облысы — 1 адам.
Аурудан 3 адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар бірден 41 адамға көбейгенін хабарлаған едік.