Коронавирус Нұр-Сұлтанда тағы 32 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында 2 адамнан, Алматыда 2 адамнан, Ақмола облысында 2 адамнан, Алматы облысында 1 адамнан, Қызылорда облысында 1 адамнан, Атырау облысында 1 адамнан анықталды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 191-ге жетті.

Қазіргі кезде коронавирусқа қатысты эпидемиология ахуалы мынадай:

Нұр-Сұлтан — 107 адам;

Алматы — 57 адам;

Ақмола облысы — 5 адам;

Қарағанды — 4 адам;

Атырау облысы — 4 адам;

Жамбыл облысы — 3 адам;

Шымкент — 2 адам;

Шығыс Қазақстан облысы — 2 адам;

Алматы облысы — 2 адам;

Ақтөбе облысы — 1 адам;

Солтүстік Қазақстан облысы — 1 адам;

Павлодар облысы — 1 адам;

Маңғыстау облысы — 1 адам;

Қызылорда облысы — 1 адам.

Аурудан 3 адам жазылып шықты, бір адам қайтыс болды.