Коронавирустан қайтыс болған әйел Алматы мен Шуға барған

Бұл туралы Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқарма басшысы Сүлен Ілиясов айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Туыстарының айтуынша, Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны коронавирус жұқтырғандармен байланыспаған, шетелге шықпаған. Бірақ 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шуға жол жүрген.

Әйел Алматыға құдалыққа барған. Сонымен қатар Шуға да жол жүрген. Барлығында пойызбен жүріп, жеке тұрғын үйде қонған, — деді Сүлен Ілиясов.

Сүлен Ілиясов әйелдің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.