Қай әуе рейстері ұшады, қандай пойыз жүріп жатыр – осыны білуге болатын онлайн-платформа жүзеге асты. Енді тұрғындар Ismet.kz ресми сайтына кіріп, ұшу, көлік бағыттары туралы ақпарат ала алады.
Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша, қазір азаматтар үшін қай рейстің ұшатынын, қандай пойыздың жүретінін білу маңызды болып отыр.
Сайтта Нұр-Cұлтан, Алматы және тағы басқа қалаларға қандай көлікпен кіріп-шығуға болатыны, оған қандай құжат керек екені, блокпостар туралы ақпарат беріліп отырады, — деді Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.
Сонымен қатар вице-министр тұрғындарға тек ресми дереккөздерге сенуге кеңес берді.
Коронавирусқа қатысты барлық ақпарат Coronavirus2020.kz сайтында жарияланады, — деді ол.