Жамбыл облысындағы вирус жұқтырған үшінші адамның жағдайы белгілі болды

27 наурызда сағат 00.00-де Жамбыл облысында тағы бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырған еді. Қордай ауданының 1996 жылғы тұрғыны 24 наурызда Қырғызстаннан келген.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, науқас стационар карантиніне алынып, коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қазір ол жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ. Науқаспен байланысқан адамдар карантинге алынды. Бәрі тексеріліп жатыр.