Қазақстандық инженер Назим Палташев Forbes рейтингіне енді

Назим Палташевтың Soul of Nomads брендік джинсы өнімдері — Силикон аймағындағы танымал, әрі сұранысқа ие бренд. Бренд атауы «Көшпелілердің жаны» деген мағынаны береді. Назимнің айтуынша, Soul of Nomad бір жетістікте тоқтап қалмайтын жігерлі жандарға арналған.

soul-of-nomadҚазақстанда туып-өскен, алайда әкесінің жұмысына байланысты Америкаға көшіп кеткен Назимнің негізгі мамандығы — инженер, бірақ қазір сән индустриясында қызмет етеді. Оның айтуынша, сән саласында да инженер мамандығы көмегін тигізе алады. Джинсы Кремний алқабындағы ең танымал киім болғандықтан, Назим осы шалбарларды өндіруді қолға алған. Ол үшін Қазақстандағы жылжымайтын мүлкін сатып, қаражатына бизнес ашқан.

Қазір Палташевтың қол астында дизайнерлер, технологтар, істі ілгері жылжытумен айналысатын директорлар сынды 10 адам жұмыс істейді. Брендті дамыту үшін штаттан тыс мердігерлер жалдайды. Әрбір қызметкер штатқа қабылданарда компанияның бір үлесін алады, сонымен бірге оларға ай сайын жалақы төленіп отырады, арнайы ынталандыру бағдарламасы бар. Жақында  саяхаттауға арналған сөмкелер мен әмияндар, белдіктер шығаруды жоспарлап отыр.

ДереккөзҚазАқпарат