Басты бетҚоғамҚарағандыда коронавирус...

Қарағандыда коронавирус инфекциясын тағы екі адам жұқтырды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қарағандыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың екі жаңа дерегі тіркелді.

26 наурыз күнгі 21.00-де Қазақстанда вирус жұқтырған науқастардың жалпы саны 111 болды.

Нұр-Сұлтан бойынша 61 адам, Алматыда 40 адам, Қарағандыда төрт, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте екі адам, Жамбыл облысында бір адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір науқас бар.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір адам қайтыс болғаны хабарланған еді. Екі адам жазылып, үйіне шығарылды.