Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Telegram каналында Алматы тұрғындары коронавирус анықтайтын тестіден қандай жағдайда өтуге болатыны туралы жазды.
Алматыда коронавирус анықтайтын тестіні тек дәрігер жолдамасымен тапсыруға болады. Көп тұрғын жан тыныштығы үшін COVID-19 вирусына тексерілгісі келеді. Қаланың үш акредиттелген лабораториясында коронавирус ресми зерттеліп жатыр. Тест тапсыру үшін аса үлкен дәлел, тым болмағанда індетке күдік болуы қажет. Жоғары температура мен жөтел болса, поликлиникаға бару керек немесе жедел жәрдем шақырған дұрыс. Экспресс тестілер өзін шынымен жайсыз сезініп тұрған адамдарға арналған, — делінген Telegram каналда.
Бұған дейін Қазақстанға экспресс тестілердің алғашқы партиясы келетіні хабарланған еді. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы Людмила Бюрабекова бұл тестіден ақылы өтуге болатынын айтты.