Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматыда екі, Нұр-Сұлтанда бес адамның коронавирус жұқтырғаны расталды.
25 наурыз күнгі 09.40-тағы Қазақстанда науқастардың жалпы саны 79 болды.
Нұр-Сұлтан бойынша 41 адам, Алматыда 31 адам, Қарағандыда екі, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте бір адам, Жамбыл облысында бір адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 72-ге жеткені хабарланған еді.