Коронавирус Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарына жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Жамбыл облысында бір және Солтүстік Қазақстан облысында бір науқастың коронавирус жұқтырғаны расталды.

24 наурыз күнгі 23.20-да Қазақстанда науқастардың жалпы саны 72 болды.

Нұр-Сұлтан бойынша 36 адам, Алматыда 29 адам, Қарағандыда екі, Алматы облысында бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте бір адам, Жамбыл облысында бір адам және Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны расталғандардың саны 70-ке жеткені хабарланған еді.