Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Қазіргі кезде Нұр-Сұлтанда барлығы 32 науқас белгілі болып отыр.
Коронавирус инфекциясы Алматыда 26 адамнан, Қарағандыда екі адамнан, Алматы облысында бір, Ақтөбе облысында бір адамнан анықталды.
Республика бойынша науқастардың саны 62 болды.
Мұның алдында алпыс бірінші науқас Алматыда анықталғаны хабарланған еді.