Алматыда коронавирус анықталған адамдардың қатары көбейді

23 наурыздағы 12.40-та Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны расталған науқастардың қатары 61-ге жетті.

Республика бойынша эпидемиология ахуалы мынадай: Нұр-Сұлтанда 31 науқас, Алматыда 26, Қарағандыда 2, Алматы облысында 1, Ақтөбе облысында 1 науқас.

Бұған дейін коронавирус жұқтырудың соңғы екі дерегі Алматыда тіркелген еді.