Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Алматыда соңынан анықталған науқас — 1992 жылы туған қыз, ол мұның алдында 15 наурызда Ыстамбұл — Алматы рейсімен ұшып келген әйелмен қарым-қатынаста болғаннан кейін қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына карантинге жатқызылған.
Одан жедел респиратор вирус инфекциясына ұқсас қабыну белгілері байқалған. Қазір жағдайы жақсы, — деді Тілеухан Әбілдаев.
Қазіргі кезде қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 20 пациент, балалар жұқпалы аурулар ауруханасында екі бала мен олардың бірінің коронавирус жұқтырған анасы жатыр. Сонымен бірге оқшаулайтын төрт ауруханада 631 адам, үй карантинінде 1 243 адам бар.
Карантиндегілердің бәрінің температурасы норма шамасында, ешкімде қабыну белгілері жоқ, — деді Алматы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы.
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталғаны бұған дейін хабарланған еді. Қазір инфекция жұқтырғаны расталғандардың жалпы саны — 57.
