Актер Фархат Абдраимов үнді фильміне түседі

Сачиндра Шарманың «Love you family» фильмінің басы Үндістан мен Таиландта түсірілген. Қорытынды бөлімі Алматыда түсіріліп жатыр.

Картинада Джоши Маной Наванет, Пардасани Акша Сунил, Салман Юсуф Кхан, Шакти Капур, Навни Парихар. Мано Джоши сынды үндістандық актерлермен бірге «Фара» деген атпен танымал қазақстандық актер Фархат Абдраимов та бой көрсетеді. Ол басты рөлдегі Хушидің Қазақстандағы бастығын сомдайды.

— Бұл фильмге төрт күн түсемін. Менің кейіпкерім — күлкілі адам, өте қызық болады. Осыған дейін Англияда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстандағы кинотүсірілімдерге қатысқанмын. Сондықтан сенімді түрде айта аламын: бәр жерде бірдей түсіреді,-деді Фархат Абдраимов.

«Love you family» -Хуши Девани деген үнді қызы туралы. Оған сүйіктісі Раджбен кездесуге  ата-анасы рұқсат бермейді. Ғашықтар бірге қашып кетіп, үйленеді, бал айын өткізеді. Алайда, Хуши үйін тастап, Алматыға келуге мәжбүр болады. Осы жақтан жұмыс тауып,мансап жасайды.

Айта кетейік, бұдан бөлек «Қазақфильм» студиясы тұңғыш рет АҚШ «киношыларымен» бірігіп, «Амре» деген фильм түсіргелі жатыр. Сондай-ақ, қытайлық кинематографтармен бірлесіп, композитор Си Синхай туралы «Композитор» көркем фильмін түсіреді.

ДереккөзҚазақфильм