Қызылордадағы кәсіподақ ұйымы қайырымдылық жасады

Жер жүзін жайлаған коронавирус індеті кезінде бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен жедел түрде тікелей байланысып, аз қамтылған 362 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етуге шешім қабылдаған. Ұйым әр отбасыға 15 000 теңге көлемінде азық-түлік таратып, көмек қолын созды.

Әлемді шарпыған кесел біздің елімізді де айналып өтпеді. Бүгінгі таңда мұнай бағасының төмендеуі және коронавирус пандемиясының таралуы әлем мемлекеттерінің ішкі жағдайына кері әсерін тигізіп жатыр. Қазақ халқы көптеген қиын-қыстау кезеңді бастан өткерді. Қиындықты еңсеруде еліміздің бірлігі, жомарттығы себеп болған. Дәл осы шақта да біздің бірлігіміз бекем болуы қажет. Қоғамның ең үлкен бөлігі ретінде білім және ғылым қызметкерлерінің Қызылорда облыстық кәсіподақ комитеті ұйымның қамқорлықты қажет ететін мүшелеріне қолдау көрсетуді назардан тыс қалдырмады. Біздің қоғамдық ұйым әлемді әурелеген COVID-19 пандемиясы тұсында қалалық, аудандық кәсіподақ комитеттерінің және әрбір бастауыш кәсіподақ ұйым төрағаларымен жедел түрде тікелей байланысып, аз қамтылған 362 отбасының әрқайсысына 15000 теңге көлемінде азық-түлікпен қамтамасыз етті. Еліміз қиын жағдайдан аман өтіп шығу үшін бізге ынтымақ керек. Өзімізге артылған жауапкершілікті сезініп, көмек керек жандарға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз, – деді Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалиев