Қазақстанда Ресей азаматынан коронавирус анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сөйтіп Алматыда науқастар саны 19-ға жетті, Нұр-Сұлтанда 18 адам бар, ел бойынша барлығы 37 науқас тіркеліп отыр.

Министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріптің хабарлауынша, Алматыда коронавирус жұқтырғаны анықталып отырған адам — Ресей Федерациясының азаматы, 1979 жылы туған. Қазақстанға 15 наурызда Мәскеу — Алматы рейсімен ұшып келген. Қазір ол стационарда, денсаулығы жақсы.