«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ республика аумағына кіріп-шығуға қойылған шектеулер туралы хабарлады.
Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты ҚР азаматтарының мемлекеттік шекара арқылы шығуы шектелді және шетел азаматтарының мемлекетаралық қатынастағы жолаушылар пойызымен келуіне тыйым салынды.
Мына жағдайларды қоспағанда:
— шетелге емделуге шығатын ҚР азаматтары денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын көрсеткен кезде;
— бұрын шет мемлекеттің аумағына кеткен ҚР азаматтары елге қайтып келгенде;
— Қазақстан Республикасының аумағына бұрын келген шетелдіктердің еліне кетуі;
— Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға жіберілетін елдердің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің персоналы мен олардың отбасы мүшелері және шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегациясы мүшелері;
— пойыз және локомотив бригадалары;
— ҚР аумағындағы шетел трансшекаралық құрылыстарында қызмет көрсететін персоналдар және Қазақстанның шектес мемлекеттер аумағындағы трансшекаралық құрылыстарында қызмет көрсететін персоналдар;
— ҚР аумағында тұруға ықтиярхатқа ие шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар);
— ҚР азаматтарының отбасы мүшесі болып келетін шетел азаматтары (туыстық байланыс фактісі құжатпен расталған жағдайда, жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және балалары).
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №545 бұйрығымен бекітілген «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережесінде» көзделген мерзімде мемлекетаралық қатынастағы пойыздарға жол жүру құжатын (билетті) қайтаруды ресімдеу кезінде жол жүру құнының (билет және плацкарт бөлігі) ақша қаражаты 100% көлемінде қайтарылады, — деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Сонымен бірге компания жолаушылардан билет сатып алу және қайтару процесіне түсіністікпен қарауды өтінеді, себебі бұл процесс келіп түсетін сұраныс саны көбейген сайын белгілі бір уақытты алуы мүмкін.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері ел аумағынан транзитпен өтетін жолаушылар пойыздарының қозғалысына да шектеу қойылды.
- Мына бағыттағы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды:
- № 5/6 Ташкент — Мәскеу;
- № 17/18 Бішкек — Мәскеу;
- № 149/150 Андижан — Мәскеу;
- № 305/306 Бішкек — Шу;
- № 315/316 Ташкент — Қазан;
- № 317/318 Барановичи — Қарағанды;
- № 319/320 Куляб — Мәскеу;
- № 324/323 Ташкент — Үргеніш — Волгоград;
- № 329/330 Душанбе — Мәскеу;
- № 333/334 Ташкент — Үргеніш — Саратов;
- № 349/350 Ташкент — Мәскеу;
- № 359/360 Худжанд — Мәскеу;
- № 363/364 Томск — Қарағанды;
- № 365/366 Челябі — Ташкент;
- № 369/370 Ташкент — Новосібір;
- № 371/372 Андижан — Уфа;
- № 381/382 Ташкент — Уфа;
- № 385/386 Бішкек — Новосібір;
- № 391/392 Томск — Риддер;
- № 647/648 Мискен — Бейнеу.
- «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған мемлекетаралық және қала маңындағы жолаушылар пойыздарының бағыты тоқтатылады:
- № 145/146 Қарағанды — Омбы, 17 наурыздан;
- № 303/304 Алматы-2 — Бішкек — Қазан, 23 наурыздан;
- № 321/322 Алматы-2 — Нөкіс, 20 наурыздан;
- № 363/364 Қарағанды — Томск, 17 наурыздан;
- № 625/626 Атырау — Астрахань, 18 наурыздан;
- № 6997/6998 Тобыл — Қарталы-1, 18 наурыздан;
- № 6975/6976 Петропавл — Петухово, 17 наурыздан;
- № 6974/6973 Петропавл — Есілкөл, 17 наурыздан;
- № 6980/6979 Петропавл — Есілкөл, 17 наурыздан.
- Мына пойыздардың бағыты қысқартылды:
- № 1/2 Алматы-2 — Ташкент, Шымкент станциясына дейін, 16 наурыздан;
- № 7/8 Алматы-2 — Саратов, Орал станциясына дейін, 18 наурыздан;
- № 39/40 Нұр-Сұлтан Нұрлы жол — Челябі, Қостанай станциясына дейін, 18 наурыздан;
- № 83/84 Қарағанды — Мәскеу, Петропавл станциясына дейін, 18 наурыздан;
- № 301/302 Алматы-2 — Новосібір, Семей станциясына дейін;
- № 6814/6813 Қостанай — Троицк, Қайрақ станциясына дейін, 18 наурыздан
- № 6871/6872 Орал — Озинки, Семиглавый Мар станциясына дейін, 19 наурыздан.