Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы бір дерегі тіркелді

Ресми өкілдің шұғыл мәліметінше, коронавирус инфекциясы Түркиядан ұшып келген адамнан анықталған. Науқас бірден оқшауланды. Ол — 1986 жылы туған қыз.

Науқас 15 наурызда Ыстамбұл — Алматы рейсімен ұшып келген. Диас Ахметшәріптің айтуынша, әзірше оның Түркиядан келгені немесе Түркия арқылы Еуропаның басқа елінен келгені нақты белгісіз.

Коронавирус
Basty Prime бағдарламасы эфирінің скриншоты

Бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны тоғыз болған еді. Оның жетеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда. 16 наурыз күнгі сағат 10.00-де республика бойынша стационар карантинінде 1 641 адам, үй карантинінде 981 адам болды.