Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны арта түсті

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір азамат анықталды. Ол 1958 жылы туған ер адам, жеке кәсіппен айналысады. 10 наурыз күні Мәскеуден Алматыға ұшып келді. Қазіргі уақытта стационарда ем қабылдап жатыр, карантинде. Сонымен бірге Нұр-Сұлтанда тағы бір науқас тіркелді. Әйел адам,  анығын қарастырып жатырмыз. Ол Варшавадан ұшып келді, — деді Диас Ахметшәріп.

Қазіргі жағдайда Қазақстанда коронавирус инфекциясы барлығы 6 науқастан табылып отыр. Оның төртеуі Алматыда, екеуі Нұр-Сұлтанда. 1090 адам стационар карантинінде, 452 адам үй карантинінде жатыр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да