Наурыздың 13-інде елімізде ауа райы қандай болады?

Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 28 метрге дейін күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман түседі. Павлодар облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады. Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында кей жерде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.