Алматыдағы Универсиада билеттерінің құны белгілі болды

Билеттердің бағасы 300 теңгеден, 3500 теңгеге дейінгі аралықта болады. Ал Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаттарының билеті 3000 және 15000 теңге тұрады. Оларды Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайының, Мемлекеттік цирктің және де Меломан желісінің кассаларынан сатып алуға болады. Сондай-ақ жақын уақытта билеттерді сату үшін Қазақстанның өзге де жетекші билет операторлары іске кіріседі.

Билеттердің бағасын бекіту кезінде Универсиада дирекциясы тарапынан ірі халықаралық жарыстардағы билеттердің бағаларына анализ жасалған. Астана мен Алматыда өткен қысқы Азия ойындары, Қазандағы Универсиада, Сочидегі қысқы Олимпиада ойыны, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаттары, трамплиннен секіруден әлем кубогы және Қазақстан аумағында өткен профильді жарыстардағы баға саясатына шолу жасаған. Жақында ғана аяқталған Рио-де-Жанейро Олимпиадасының тәжірибесіне сүйенген. Оның негізінде билеттер халыққа қолжетімді болып, жарысқа кеткен шығынның жартысын ақтауы тиіс.

Билеттерден түсетін қаржы жоспар бойынша 200 млн теңгеге жуық болуы мүмкін.

ДереккөзNaryk.kz