2019 жылы жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің 49,6%-і өзі тұратын ауданда жалғыз келе жатқанда ешқандай қауіптен қорықпайтынын айтқан. Респонденттердің 42,8%-і қауіпсіздікті жеткілікті деңгейде сезінетінін айтса, 5,4%-і «ауданда жалғыз жүру қауіпсіз емес», 0,9%-і «ауданда жалғыз жүру қауіпті» деп жауап берген.

қылмыс

Күннің қараңғы мезгілінде толық қауіпсіздікті сауалнамаға қатысқандардың 37,8%-і сезінетін болып шықты, 44,7%-і жеткілікті деңгейде, 13,4%-і өте төмен сезінеді, ал 2%-і сезінбейтінін айтқан.

Құқық қорғау органдары арасында халық сеніміне прокуратура көбірек ие — респонденттердің 45,9%-і. Полицияға респонденттердің 38,3%-і сенім білдірген.

Зерттеушілер сауалнамаға қанша адам қатысқанын жария етпеген.

қауіпсіздік

2020 жылдың қаңтарында Қазақстанда 49,7 мың қылмыстық іс өндірісте болған. Бұл 2019 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда 17,9% аз.

қылмыс

Биыл өндіріске алынған қылмыстық істердің 39 мыңы — қылмыс, 10,7 мыңы — заңға қайшы әрекет. Қылмыстардың 51,4%-іне немесе жартысынан астамына — «ауырлығы орташа» деп баға берілген. Былтыр мұндай қылмыстың үлесі 69,5% болған.

Биыл ауыр және аса ауыр қылмыс көбейіп отыр: ауыр қылмыс үлесі биыл 25,4%, былтыр 12% болған. Аса ауыр қылмыс үлесі былтырғы 1,3%-тен 2,2%-ке артқан. Жеңіл қылмыстың үлесі — 21%, былтырғы қаңтарда көрсеткіш 17,3% болды.

қылмыс