Energyprom.kz мамандарының хабарлауынша, көтерме сауданың жалпы көлемінің 83,7%-і немесе 1,4 триллион теңгесі — азық-түлік емес әрі өндіріс-техника мақсатындағы тауар, 16,3%-і — азық-түлік.
Қаңтарда өнімнің барлық түрінің көтерме бағасы бір жылда 3,8% өскені белгілі болды. Көтерме саудадағы азық-түлік 6,1% қымбаттаған.
Көтерме сауданың анағұрлым көп көлемі Алматыға тиесілі: 692,1 миллиард теңге, бұл — республика бойынша көлемнің 42,1%-і. Сауданың осы түрінің көлемі жөнінен Нұр-Сұлтан (283,3 миллиард теңге немесе 17,3%) және Атырау облысы (272,8 миллиард теңге немесе 16,6%) алда.