Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шара Премьер-министрдің 2020 жылдың 29 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» өкімі бойынша ұлттық қауіпсіздік мүддесі мен Қазақстан азаматтарының денсаулығын қорғау мақсатында қолға алынып отыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Қазақстан аумағынан жеке қорғаныс құралдарын (респираторлар, қорғаныш көзілдірігі, обаға қарсы I-II типті қорғаныш костюмі немесе обаға қарсы бірреттік қорғаныш костюмі, медициналық бетперде, респиратор бетперде, халат, қолғап) шығаруға тыйым салу туралы бұйрық берді, — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Комитеттің мәліметінше, бұл шара дүниежүзінде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиология ахуалы нашарлаған кезде Қазақстан халқының санитариялық-эпидемиологиялық амандығын сақтауға мүмкіндік береді.