Синоптиктердің мәліметінше, бұған дейін Атлантика циклонының жылы атмосфера таралымдары Қазақстанның солтүстігі арқылы өтіп, барлық жерде қар жаууына, боран соғуына, ауа температурасының айтарлықтай жоғарылауына себеп болған еді. Түнгі ауа температурасы 0-ден 5 градус аяз аралығына дейін жоғарылады. Мұндай ауа райы тағы бір тәулік бойы өзгермейді.
Алдағы тәулікте фронттардың әсері әлі сақталады, содан кейін олар Батыс Сібірдің оңтүстігіне кетеді. Қазақстан аумағының басым бөлігі жоғары атмосфера қысымы аясында болады, сондықтан одан кейінгі күндері республиканың жекелеген аудандарында ғана аздаған қар жауады, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.