Синоптиктер алдағы күндері суық болатынын хабарлады

Мамандардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы өтетін Арктиканың суық фронттары қар жаууына, бұрқасынға, солтүстік-батыстан күшті жел соғуына, оңтүстік облыстарда жауын-шашынға, жаңбырға, жылбысқы қарға, тұман мен көктайғаққа себеп болады. Ал фронттардың артынан келетін ауқымды антициклон республиканың солтүстік және батыс облыстарында күннің сууына ықпал етеді. Антициклон шығысқа ығысқан кезде Қазақстанның басқа облыстарында да күн суиды.

Шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендейді, бірақ осы жылғы өте белсенді Атлантика циклондары суықтың ұзақ тұруына жол бермейді. Содан кейін кезекті циклон 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасын жоғарылатады, — деп хабарлады синоптиктер.