Синоптиктер 19 ақпанда қар жауып, боран соғатынын хабарлады

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс бөлігіне циклон жырасы әсер етеді, соған байланысты қар жауады, Ақмола облысының кей жерінде қар көп түседі.

Қарлы боран
Фото: Theglobeandmail.com

Батыс пен оңтүстікте күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте және орталықта боран соғады.

“Қазгидромет” мамандарының болжамы бойынша Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында боран соғады, жел екпіні секундына 30 метрден асады, кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады. Павлодар, Қарағанды облыстарында да боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, Павлодар облысында көктайғақ болады, Қарағанды облысында тұман түседі. Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Түркістан облысында тұман түседі. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерінде тұман түседі.