«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мәліметіне қарағанда 17 ақпанда Үлкен Алматы көлі автожолы ауданында, Құмбел өзені сағасындағы бақылау гидротұрағы жанында қар көшкен.
Көшкен қардың көлемі — 70 текше метр. Автокөлік жолы учаскесін тазалауға «Қазселденқорғау» мекемесінің Алматы пайдалану басқармасының 2 техникасы мен 6 қызметкері жұмылдырылды. Автокөлік өтетін жол бар. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін департамент жауын-шашынның айтарлықтай мол түсуі мен қар жабынының тұрақсыздығына байланысты Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендері алабындағы тау бөктерінде қар көшуі мүмкін екенін ескерткен еді.