Бұл туралы оқиға орнында жұмыс істеп жатқан Үкімет комиссиясының баспасөз хатшысы Қанат Құлшыманов Facebook желісінде хабарлады.
2020 жылдың 11 ақпан күні сағат 12.07-де Жамбыл облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылында сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған), тазарту кезінде қираған үйінді астынан адамның күйген денесі табылды, — деп жазды Қанат Құлшыманов.
Үкімет комиссиясы өкілінің хабарлауынша, қайтыс болған адам кім екенін анықтау үшін сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Жедел іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам қаза тапқаны хабарланған еді. Оқиға 7 ақпанда болды.