Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін батыстан басқа өңірлерде қар мен жаңбыр жауады

Фото: Panorama.am

«Қазгидрометтің» мәліметінше, өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста жаяу бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні секундына 30 метрден аса күшейеді, кей жерде жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында секундына 30 метрден аса күшейеді. Қызылорда, Қарағанды облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Павлодар, Қарағанды облыстарында 12-20 градус аяз болады. Ақмола облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, ауа температурасы 3 градус жылыдан 16-24 аязға дейін күрт төмендейді. Нұр-Сұлтанда температура 15-17 градус аязға дейін төмендейді. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *