Ақмола, Қостанай облыстарында екпіні секундына 15-23 метрге жететін жел соғады, кей жерде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерде жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады, жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, Ақтөбе облысында екпіні секундына 16 метрге жететін жел соғады.
Маңғыстау, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысында Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.
