Оңтүстікте ғана жауын-шашын болмайды, республиканың кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік пен шығыста бөлігінде боран соғады.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді. Нұр-Сұлтанда көктайғақ болады, екпіні секундына 15-18 метрге жететін жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, өңірдің көп бөлігінде жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Қарағанды облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Маңғыстау облысының кей жерінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейетін жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облысытарының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерінде тұман түседі.
Елімізде ауа температурасы нормадан 8-16 градус жоғары болады
