Қазақстан аумағының көп бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, сол себепті оңтүстікте, батыста және солтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз болады, ал циклон жырасының ықпалынан еліміздің шығысы мен орталығында қар жауады.
Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Павлодар облысында кей жерде боран соғады, жел екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жернде тұман түседі.