Қайрат Нұртас Қызылордада өнер мектебін ашты

Бұл туралы әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбек Инстаграмда жазуда. Продюсер әлеуметтік желіде салтанатты ашылу рәсіміндегі фото және видеолармен бөлісуде.

Қайрат Нұртас Өнер мектебі

Қайрат Нұртастың өнер мектебінде балаларға эстрадалық вокал, хореография, саз аспаптары, актерлік шеберлік бағыттары бойынша сабақтар беріледі. Білім ошағында танымал әншілер мен актерлар шеберлік сабақтар өткізіп тұрады деп күтілуде. Ал үлгілі оқушы жыл соңында Қайратпен әнші шырқайтын болады.

ДереккөзҚазАқпарат