Bek Air ұшағы апаты: тергеу 300 адамнан жауап алған

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты.

Дерек бойынша қылмыстық іс бар, соның барысында жан-жақты тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы зерттеледі. Тергеу 300 адамнан жауап алды, — деді Марат Ахметжанов Мәжіліс кулуарында.

Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсаны күні Алматы әуежайы маңында апатқа ұшырады. Биікке көтеріле бастаған ұшақ бетон қоршауды бұзып өтіп, Гүлдала елді мекеніндегі тұрғын үй ғимаратына соғылды. Бортта 93 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі болды. Оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты. Апатты тергеу үшін Үкімет жанынан құрылған комиссия ұшаққа мұз қатуы төтенше оқиғаның негізгі себептерінің бірі ретінде қарастырылып отырғанын мәлімдеді.