Министрліктің мәліметінше, ұшақ бортында экипаждың 5 мүшесі және 93 жолаушы болған. Олардың дені — Қазақстан азаматтары, сонымен бірге Украинаның екі, Қырғызстанның бір және Қытайдың бір азаматы болған.

Сағат 12.30-дағы жағдай бойынша оқиға салдарынан 12 адам қаза тапты, соның ішінде экипаж командирі де бар. Алматының түрлі медицина мекемесіне 49 адам жатқызылды, оның 18-і ауыр халде, қалғандарына медициналық әрі психологиялық көмек беріліп жатыр, — деп хабарлады ІІМ мамандары.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнында құтқарушылар әлі жұмыс істеп жатыр.

Қаза тапқандардың нақтыланған тізімі:

  1. Марат Мұратбаев, 1961 жылы туған, әуе көлігі командирі;

2. Николай Асташов, 1971 жылы туған, жолаушы;

3. Рустам Қайдаров, 1940 жылы туған, жолаушы;

4. Бауыржан Қалиев, 1974 жылы туған, жолаушы;

5. Базархан Кәрібаева, 1951 жылы туған, жолаушы;

6. Абай Нұрбеков, 1986 жылы туған, жолаушы;

7. Аршат Исина, жолаушы;

8. Сәния Аманжол, жолаушы;

9. Дана Круглова, 1984 жылы туған, жолаушы;

10. Қайырхан Тұматов, 1955 жылы туған, жолаушы;

11. Валерий Ануфриев, жолаушы (ауруханада қаза тапты);

12. Имина Оспанова, 1963 жылы туған, жолаушы (ауруханада қаза тапты).

Еске салайық, бұған дейін Алматы маңында болған әуе көлігі апатынан 15 адам қаза тапқаны хабарланған еді.

Алматы әкімінің баспасөз қызметі апаттан зардап шеккендердің тізімін жариялады.

Тізім

Әкімдіктің мәліметінше, Bek Air компаниясының ұшағы Талғар ауданының Әлмерек ауылдық округі аумағында құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Бұған дейін бортта 100 адам болғаны хабарланған еді.

Алматы әкімінің баспасөз қызметі ұшақта болған барлық жолаушының аты-жөнін жария етті:

1. Абаганова Назым
2. Абилев Жанат
3. Абилдаева Асел
4. Адаев Еркебулан
5. Айболатова Зухра
6. Акболат Даваа
7. Акболаткызы Асылым
8. Акишева Гүлім
9. Акмаганбетова Асем
10. Алекперов Олег
11. Аманжол Сания
12. Аманов Серик
13. Ануфриев Валерий
14. Асташев Николай
15. Асырова Анара
16. Баймурат Нурислан
17. Байымбетова Гулнар
18. Бекжанова Нагима
19. Бекмаганбетов Бахытжан
20. Габдыжамалов А Зубаржат
21. Гатиат Адилжан
22. Гатиат Айсұлу
23. Гатиат Максут
24. Девичинская Ольга
25. Даулет Динара
26. Дедов Виталий
27. Егамбердиев Наби
28. Ерімбетов Сәрсенбек
29. Ерман Марал
30. Ескеров Жандос
31. Әбдісаттар Жанқозы
32. Әлімхан Нұрболат
33. Жанаболатова Бекзат
34. Жанбоссынова Динара
35. Жауғашты Әділ
36. Жауғашты Әли
37. Жолдыбаев Бекзат
38. Жұмаханов Шыңғыстөре
39. Зубов Виктор
40. Зубова Галина
41. Ибраев Дархан
42. Иминова Зульфия
43. Исина Арман
44. Кадауов Темирлан
45. Кайдаров Рустем
46. Каипбергенова Гулнара
47. Калиев Бауыржан
48. Каратаевс Иван
49. Карибаева Базархан
50. Карнаева Надежда
51. Клыков Матвей
52. Кулгави Евгений
53. Кошенова Гулнара
54. Круглова Дана
55. Куанышалин Марат
56. Куралбай Айгерим
57. Куралбай Дамели
58. Қожабергенов Даулет
59. Мамиев Мурат
60. Мажкенова Алтын
61. Мукашева Салтанат
62. Мурат Латипа
63. Набиев Едік
64. Назаралиев Аслан
65. Нуерлан Маолина
66. Нурахметова Шынар
67. Нурбеков Абай
68. Нурбекова Адина
69. Нурбекова Мариям
70. Нурманов Асхат
71. Нурманова Сауле
72. Нурхамит Тілеулес
73. Омаров Ринат
74. Омарова Айман
75. Орынбаев Нурдос
76. Оспанова Амина
77. Попков Андрей
78. Рахымжанова Айя
79. Сагимбеков Арман
80. Салтанат Талап
81. Салтанатқызы Уралшын
82. Сейпилов Ильяс
83. Сериков Мейрамбек
84. Сиделковский Андрей
85. Сон Юрий
86. Сон Яна
87. Теменов Айбар
88. Тулебаев Нурлан
89. Тулебаева Анар
90. Туматов Кайырхан
91. Удербаева Кымбат
92. Усен Сәттігүл
93. Утепов Еркін

Ұшақта болғандар тізімін ҚР ІІМ ТЖК сайтынан да көруге болады.

Әлеуметтік желіде жолаушылардың бірі, кәсіпкер Аслан Назаралиев ұшақ апатынан аман қалғанын хабарлады.

Скрин

Аман қалған жолаушылардың бірі Марал Ерман апаттан соң бірден әлеуметтік желіде көмек сұраған.

27 желтоқсанда сағат 07.22-де Алматы маңында Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы құлады. Әуе компаниясының рейсі көтерілер кезде биіктікке ие бола алмай, бетон қоршауды бұзып өтіп, тұрғын үй секторындағы екі қабатты құрылысқа соғылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, апатқа кінәлілер қатаң жазаланатынын хабарлады. Марқұмдардың отбасына 4 миллион теңгеден көмек беріледі.

Әуе апаты
Апат орны. Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі