Oyan

Бұл қолданбаның кітапханасынан қазақ тіліндегі көркем шығармаларды оқып, қазақша күрделі тіркестердің түсіндірмесі мен аудармасын білуге болады. Қосымшаның мақсаты — қазақ тілін үйренушілерге қазақ әдебиетін түсініп оқуға көмектесу. Кітап оқып отырғанда өзіңізге бейтаныс сөз кезіксе, сол сөздің үстінен ұзақ басу арқылы түсіндірмесін немесе аудармасын оқуға болады. Егер ол көңіліңізден шықпаса, өз нұсқаңызды ұсына аласыз.

Қолданбаны Асқар Жұмағалиев ҚР Премьер-министрінің орынбасары боп тұрған кезінде Zero To One Labs лабораториясымен бірлесіп шығарған. Сервистен Абай, Мұхтар Әуезов, Ыбырай Алтынсарин, Мұқағали Мақатаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Есенберлин, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Тахауи Ахтанов, Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза сияқты қазақ ақын-жазушыларының айтулы туындыларын табуға болады.

Қолданбаның скриншоты
Қолданбаның скриншоты

Soyle.kz 

Бұл — 2013 жылдың желтоқсанында ашылған тұңғыш тегін онлайн курс, Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілді дамыту мен оның қоғамдағы мәртебесін көтеру туралы тапсырмасы бойынша жасалған заманауи IT-жоба. Мұнда да қолданушының мемлекеттік тілді оңай үйренуіне қажет тетіктер бар. Сөздер арнайы тақырыпшаларға бөлінген, қолданба тіл үйренушіге қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерді, қолданыстардың мағынасын есте сақтауға мүмкіндік береді.

Қолданбаның скриншоты
Қолданбаның скриншоты

Qazaq App

Бұл сервисті пайдаланушы сөздік қорын ұлғайтып қана қоймай, Қазақстан қалалары мен қазақ батырлары туралы қызық мәлімет те ала алады.

Қолданбаның өте ыңғайлы навигациясы, арнайы әдістемесі мен тіл үйренуге арналған қызық бөлімдері бар. Сөздер отбасы, үй, табиғат, жануарлар әлемі, тағам сияқты негізгі тақырыптар бойынша ұсынылады.

Қолданбаның скриншоты
Қолданбаның скриншоты

Kitap.kz 

Әлем және қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын оқу және тыңдау мүмкіндігін ұсынатын ауқымды онлайн платформа. Мұнда аудиожазба, мультхикаялар, дәстүрлі ән үлгілері жинақталған, қолданушы қазақ тілін сондай мультимедиа құралдарының көмегімен еркін үйрене алады. Тіл үйренушіге сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуы түсіндіріледі.  Қолданба дұрыс әрі әдемі сөйлеуге де үйретеді.

Сервистің қорында 5000-нан астам кітап, 1500 шығарманың аудио нұсқасы, басқа да еңбектер және музыка үлгілері бар.

Қолданбаның скриншоты
Қолданбаның скриншоты

Дұрыс сөз

Қолданба қазақ тілін жаңадан үйреніп жүргендерге арналған. Бағдарлама сөздердің дұрыс жазылуын үйретіп, үйренушінің сөздік қорын көбейтуді көздейді. Оны қолдана отырып, арнайы тест тапсыруға, қатемен жұмыс істеуге және жаңа сөз үйренуге болады.

Қолданбаның скриншоты
Қолданбаның скриншоты

 

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!