Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы  болып тағайындалсын, — делінген Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Әсет Исекешев бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының атқарушы директоры болып қызмет еткен еді. Бұл лауазымға ол 2019 жылдың наурызында Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босағаннан кейін тағайындалды. Мұның алдында Әсет Исекешев 2016-2018 жылдары Астана әкімі болды. Ол 1971 жылы 17 тамызда Қарағандыда туған.