Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметіне басшы болды

Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын, — делінген Президент жарлығында.

Бұған дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметін басқарған Әнуар Садықұлов қызметінен босатылды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды.

Сонымен бірге Мемлекет басшысының өкімімен Әзімхан Жүсіпов ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Оның орнына Талғат Мұхтаров тағайындалды. Талғат Мұхтаров ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының шешімімен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Қалмұханбет Қасымов 2019 жылдың ақпан айында ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді. Оған дейін 2011 жылдың сәуірінен 2019 жылдың ақпанына дейін ҚР Ішкі істер министрі болды. Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.