Басты бетЖаңалықтарРесейде Дмитрий...

Ресейде Дмитрий Медведев Үкіметі отставкаға кетті

Владимир Владимирович Конституцияға енгізілуге тиіс бірнеше іргелі өзгерісті белгіледі. Олар — биліктің, атқарушы, заң шығарушы және сот билігі тепе-теңдігін қалыптастыруға арналған айтарлықтай өзгерістер. Бұл тұрғыдан біз Үкімет ретінде еліміздің Президентіне барлық қажет шешімді қабылдауға мүмкіндік ұсынуға міндеттіміз. Осы жағдайда Конституцияның 117-бабына сай Үкіметтің қазіргі толық құрамымен отставкаға кетуі дұрыс болды деп есептеймін, — деді ол жолдаудан кейін Владимир Путинмен кездесуде.

Ресей Президенті Үкімет мүшелеріне алғыс айтты. Ол Дмитрий Медведевке Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын ұсынды. Айта кетейік, Владимир Путин Федерация жиналысына арналған жолдауында Ресей Конституциясына президенттікке үміткерлер мен президенттік мерзімге қатысты өзгеріс енгізу қажет екенін айтқан.