Баласы бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы түрлеріне мыналар жатады:

— баланың тууына байланысты тағайындалатын және берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

— баланың бір жасқа жеткенге дейінгі күтімі үшін тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

— бірге тұратын, кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баласы бар отбасыларға балалары кәмелет жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіргенше (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

мүгедектігі бар бала бағып отырған анаға немесе әкеге, асыраушыға және қамқоршыға тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

бала кезінен І топтағы мүгедектігі бар адамдардың күтімі үшін тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;

Министрдің бұйрығы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

(Иллюстрация: Dribbble.com/©Magda)

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!