Yousician
Бұл қолданба гитара, укулеле, фортепиано және басқа да аспаптарда еркін ойнауды үйретеді. Вокал қабілетіңізді арттыруға да көмектеседі. Мұндағы сабақтың деңгейі біртіндеп жоғарылап, тапсырмалары күрделене түседі. Нәтижесінде қолданушы ұнайтын аспабында ойнауды өзі үйренеді.
Memrise
Memrise — тіл үйренуге арналған қолданба. Мұнда ағылшын тілінен басқа тағы 10 тіл бар. Қолданба тәжірибе жүзінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге септігін тигізеді.
DailyArt
DailyArt өнер туындылары туралы сауатыңызды арттырады. Мұнда әлем бойынша 500-ден астам музей қорының жәдігерлері бар. Классика туындыларынан бастап қазіргі заманғы өнер үлгілерімен де танысуға болады.
Blinkist
Blinkist арқылы нон-фикшн шығармаларды бір күнде оқуға болады. Қолданбаның кітапханасында 2500-ден астам бестселлер бар — негізінен бизнес, психология бағытындағы кітаптар.
Enki
Бұл қолданба арқылы IT бойынша білім алуға болады. Мысалы, Python, HTML, JavaScript тілдерін меңгере аласыз. Арнайы әзірленген сабақтар мен жаттығулар компьютер программасын жасау дағдыңызды жетілдіреді.