Басты бетЖаңалықтарРоза Рымбаева...

Роза Рымбаева Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаеваны қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында ел мәдениетін дамыту мәселесі талқыланды.

Роза Рымбаева Қазақстан Президентіне өзінің шығармашылық қызметінің 45 жылдығына орай еліміздің барлық аймағында жеке концертін ұйымдастыру және талантты жас музыканттарды қолдауға бағытталған мәдени орталық ашу жоспарын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Рымбаеваны «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алуымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Еске салайық, желтоқсанның 12-сі күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Роза Рымбаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілген еді.