WBC президенті Головкинге лайықты қарсыласты атады

Хейланд орта салмақтағы WBC рейтингінде көш бастап тұрса, Головкин — осы ұйымның чемпионы, орта салмақтағы WBA (Super), IBO және IBF титулдарының иегері.

«WBC Хейландты қолдайды, ол тамаша жігіт. Жақында балалы болды. Ол бұндай бақытқа лайықты. Алайда, біз оған сақ болуымыз керек. Геннадий Головкиннің біздің чемпиондыққа екі жыл үміткер болғанын бәрі біледі»,-деді Маурисио Сулейман.

Хейланд бұрынырақта Головкинмен кездесуге Сауль «Канело» Альварес кедергі болғанын айтады. Ол WBC белбеуінен бас тартқан соң, ол Головкинге бұйырған. Аргентиналық боксшы Головкинмен жұдырықтасуға ұсыныс түскенін, алайда тиімсіз болғанын айтты.

Айта кетейік, Головкин америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен кездесу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер олар кәсіпқой алаңда кездеспейтін болса, GGG-дің келесі қарсыласы болатындардың ішінде Хейланд та бар.

Дереккөзvesti.kz