Басты бет / Қоғам /
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде
Фото: Берік Уәли

Германияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары басталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ұшып барды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-та Берлиндегі ресми тұлғалардың Қазақстан басшысын ұшақтан қарсы алған видеосын жария етті.

https://www.facebook.com/100003403233694/videos/pcb.2464492673674150/2464489093674508/?type=3&theater

Бүгін Қазақстан Президенті мен Германия Федерал канцлері Ангела Меркель келіссөз жүргізіп, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің басқа да белгілі саясаткерлерімен кездеседі. 6 желтоқсан күні ол Берлин Еуразия клубының 28-отырысына қатысады және неміс бизнесмендерімен кездеседі. 

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram

Мақалаға пікір қосыңыз