Биыл Қазақстан көрермені арасында Голливуд пен Ресей түсірген ертегі сюжеті бар анимация ленталарына сұраныс жоғары болды. 

ivi онлайн-кинотеатры сарапшылары 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында ең көп қаралған мультфильмдер мен басқа да картиналарға талдау жасады. Нәтижесінде Қазақстанда мультипликация өнімдері мен отбасы болып көруге арналған контентке сұраныс жоғары екені анықталды.

Сервис өкілдерінің мәліметінше, Қазақстанда Голливуд пен Ресейдің сапалы мультфильмдері ең көп қаралым жинаған. Көрермен әсіресе ертегі сюжеті бар анимация ленталарын сүйіп қарайтын болып шықты.

"Ральф"
“Ральф”. Фото: News.sarbc.ru

2019 жылы “Мұзды өлке” (“Холодное сердце”), “Моана”, “Коконың құпиясы”, “Ральф”, “Рапунцель: Шиеленіскен оқиға” мультфильмдері, Гай Ричидің ертегі желісімен түсірілген “Аладдин” фильмі көрермен сұранысына көп ие болды.

“Күшіктер күзеті: мегапатруль” (“Щенячий патруль: Мегащенки”), “Зверополис” мультфильмдері мен “Арыстан патша” анимациялық фильмі көрерменнің жоғары бағасын алған ең үздік картиналар тобына кірді.

"Кек алушылар: Финал".
“Кек алушылар: Финал”. Фото: Film.ru

Отбасы болып көруге арналған контентпен бірге фантастика мен комикс жанрындағы туындылар да көп қаралған. Топ-20-ға “Кек алушылар: Финал” (“Мстители: Финал”), “Кек алушылар: Шексіздік соғысы” (“Мстители: Война бесконечности”), “Бірінші ойыншы дайындалсын” (“Первому игроку приготовиться”) және “Өрмекші адам: Әлемдер арқылы” (“Человек-паук: Через вселенные”) фильмдері кірді. Ресейдің “Т-34” және “Жеті кешкі ас” фильмдері де танымал 20 фильмнің қатарында.