Ранго, мультфильм
©materiagris.es

Уақытқа тәуелсіз үздік 7 анимациялық фильм

1. Ранго

  • Мультфильм, комедия, шытырман оқиға.
  • АҚШ, 2011 жыл.
  • Ұзақтығы: 107 минут.
  • IMDb: 7,2.

Сүйкімді кесірткенің бастан өткендерін көрерменге жеткізу үшін, Джонни Депп пен режиссёр Гор Вербински «Кариб теңізі пираттары» фильмінен кейін тағы да бас қосты. «Ранго» мультфильмінде бірнеше әйгілі фильмдерге сілтеме беріледі. Соның бірі Джонни Дептің басты рөлді сомдаған «Лас-Вегастағы қорқыныш пен өшпенділік» фильмі.

2. Қорқыныш әлеміндегі Коралина

  • Отбасылық мультфильм, фэнтези.
  • АҚШ, 2008 жыл.
  • Ұзақтығы: 100 минут.
  • IMDb: 7,7.

Коралинаның ата-анасының жұмыстан қолдары босамайтыны соншалықты, жалғыз қыздарына көңіл бөле алмайды. Жаңадан көшіп келген үйде ойнап жүріп, Коралина кенеттен өзге әлемге еніп кетеді. Мұндағылардың барлығы тым көңілді, алайда көздері түймеден жасалған.

3. Жарық қоңыздардың қабірі

  • Аниме, мультфильм, драма.
  • Жапония, 1988 жыл.
  • Ұзақтығы: 89 минут.
  • IMDb: 8,5.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ата-анасынан айрылған ағасы мен қарындасы өздігінен өмір сүруге бейімделуі керек. Мультфильмдегі сюжет балаларға арналғанымен, үлкендерге де терең ой салады. «Жарық қоңыздардың қабірі» көрермендердің таңдауымен аниме туындыларының арасында «Ең үздік» болып танылған.

4. Жабайы ғаламшар

  • Мультфильм, фантастика.
  • Франция, Чехословакия, 1973 жыл.
  • Ұзақтығы: 72 минут.
  • IMDb: 7,8.

Жабайы ғаламшар

Психоделиялық картинаның авторы — француз аниматоры Рене Лалу. Қаншама уақыт өтсе де, анимация стилі көрермендерді таңдандырумен келеді. Картина сюжеті адамдарды жануарлар ретінде ұстайтын, бойы ұзын өзге ғаламшарлықтар жайлы айтады.

5. Аномализа

  • Мультфильм, драма, мелодрама.
  • АҚЩ, 2015 жыл.
  • Ұзақтығы: 90 минут.
  • IMDb: 7,3.

Сценарист Чарли Кауфман кейіпкерлерін таңғажайып әлемнен алып келеді. Режиссёр Дьюком Джонсонмен бірге ол махаббат жайлы комедиялық драманы жасап шықты. Сюжет бойынша, Майкл Стоун адамдарға жігер бере жүріп, өзі қарым-қатынастан ерекше қорқады. Алайда оның бұл болмысын Лиза есімді қыз түбегейлі өзгертеді.

6. Болаттан жасалған алып

  • Мультфильм, фантастика, атыс-шабыс.
  • АҚШ, 1999 жыл.
  • Ұзақтығы: 86 минут.
  • IMDb: 8,0.

Мульфильм — Тед Хьюздің роботпен достасқан кішкентай ұл жайлы туындысының экранизациясы. Картина ғылыми-фантастикалық идеяға арқа сүйегенімен, нағыз достыққа үлгі болады. Болаттан жасалған алып — Супермен тәрізді жағымды кейіпкердің бірі. Ол да күшін тек пайдалы мақсатта жұмсайды.

7. ВАЛЛ·И

  • Мультфильм, фантастика, шытырман оқиға.
  • АҚШ, 2008 жыл.
  • Ұзақтығы: 98минут.
  • IMDb: 8,4.

Бұл кезде жер бетінде жалғыз қоқыс тазалайтын робот қалады. Ал адамдар барлық жағдайды жасап, ғарыш кеңістігінде саяхаттап жүреді. «Қараусыз қалған Жер ғаламшарында тіршілік атауы қалды ма?» деген барлаумен ғарыштан ЕВА есімді робот жөнелтіледі. Роботтардың бастан кешкендерін тамашалайтын көрермен адамның технологияға тәуелділігіне куә болады. Мультфильм қызықты әрі әзілге толы.