Интернет-сервистің мәліметінше, биыл Ресей әншісі Zivert пен белорус хитмейкері Тима Белорусских композициялары миллион реттен көп тыңдалған. Музыка топтарынан Ресейдің рэп-дуэты HammAli & Navai, американ рокерлері Imagine Dragons, украин поп-тобы Artik & Asti, Ресей поп-дуэты Rauf & Faik, RSAC тобы және RASA дуэты «Яндекс.Музыка» сервисінің Қазақстандағы қолданушылары арасында танымал болды.

Ең көп тыңдалған орындаушылардың арасында Billie Eilish, MARUV, Елена Темникова, Adele, Полина Гагарина, LOBODA, Тима Белорусских, Rompasso, JONY, Tommee Profitt, Баста және Shawn Mendes бар.

«Яндекс» өкілдерінің мәліметінше, танымал тректер маусым сайын өзгеріп отырған. Қыста қазақстандықтар Dynoro & Gigi D’Agostino дуэты орындаған In My Mind композициясы, көктемде Zivert айтқан Life, жазда Billie Eilish-тің bad guy әні, күзде Shawn Mendes пен Camila Cabello орындаған Señorita хит болды.

Қазақстандықтар сүйікті композицияларын жыл бойы әлеуметтік желілерде бөлісті. Желіде көп репосталған әндер: Life (Zivert), N&N (Mani Beats), bad guy (Billie Eilish), «Плакала» (KAZKA), Señorita (Shawn Mendes пен Camila Cabello), «Грустный дэнс» (Artik & Asti).

«Яндекс.Музыка» чарттарында Life (Zivert), «Незабудка» (Тима Белорусских) «Голоса» (Звонкий), Way Down We Go (Kaleo), Believer (Imagine Dragons) және «еш қартаймайтын» Numb (Linkin Park) композициялары алғашқы орындарды иеленді.

«Яндекс.Музыка» сервисінде 2019 жылы подкастар жақсы дамыды, 90 мыңнан астам эпизодтың әрқайсын 1 миллионнан астам адам бір рет болса да, тыңдаған. Сервис қолданушыларының 69%-і — подкаст тыңдарманы.

Қазақстанда тыңдалған топ-10 альбом

  1. Billie Eilish — WHEN WE ALL FALL ASLEEP, WHERE DO WE GO?
  2. Artik & Asti — 7 (Part 1)
  3. RSAC — «Аргументы»
  4. Тима Белорусских — «Твой первый диск — моя кассета»
  5. Zivert — «Сияй»
  6. JONY — «Список твоих мыслей»
  7. HammAli & Navai — JANAVI
  8. Shawn Mendes — Shawn Mendes [DELUXE]
  9. Звонкий — «Мир моих иллюзий»
  10. KAZKA — Karma

Топ-10 трек

  1. Zivert — Life
  2. Billie Eilish — bad guy
  3. HammAli & Navai — «Девочка-война»
  4. Тима Белорусских — «Незабудка»
  5. Artik & Asti — «Грустный дэнс»
  6. RSAC — NBA
  7. Rauf & Faik — «Детство»
  8. Shawn Mendes, Camila Cabello — Señorita
  9. Triplo Max — Shadow
  10. Tommee Profitt — In The End

Топ-5 подкаст

«Слушай, Алиса!»

«В предыдущих сериях»

«Планетроника»

KuJi Podcast

«Подкаст «Лайфхакера»