«Яндекс» Алматы тұрғындарына қауіп-қатерді ескертіп отырады

«Яндекс» мобайл қосымшасы Алматы тұрғындарына төтенше жағдайлар мен басқа да оқыс оқиғаларды хабарлап тұрады.

Қолданушылар күрделі метеорологиялық жағдайлар (боран, аптап, дауыл, көктайғақ, тағы басқа), су тасқыны, жер сілкінісі, жолдардың жабылуы, білім мекемелері мен оқу орындарында сабақтың болмауы, өрт туралы және төтенше жағдайлар департаменті таратқан басқа да ақпараттан хабардар болады.

«Яндекс» қызметкерлері төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратын қолданушыларға түсінікті етіп өңдейді: мәтінде маңызды емес детальдар болмайды, хабарламаның мәнін телефон бұғатталған күйінде де көрінетін превьюден ұғуға болады.

Қазақстан өңірлеріндегі ауа райы жағдайлары құбылмалы, табиғи құбылыстар үлкен келеңсіз оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Қосымшаны жасағанда оның қызметі Қазақстан азаматтарына мейлінше қолайлы болуы үшін жергілікті ерекшеліктерді ескердік. Хабарламалардың үш негізгі артықшылығы бар: олар SMS-тен жылдам келеді, адамның тұрған жерін ескереді және түсінікті тілде жазылады, — дейді «Яндекс» компаниясының Қазақстандағы даму жөніндегі менеджері Иван Анойкин.

Төтенше жағдайлар мен оқиғалар туралы хабарлама алу үшін «Яндекс» мобайл қосымшасын орнату қажет. Жобаға төтенше жағдайлар департаменті мен технологиялық серіктес — Darmen компаниясы қолдау көрсеткен.